Біз әлеуметтік желілердеміз

Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиаданың жүйріктері анықталды

Білім

Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиаданың жүйріктері анықталды

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен өткен облыстық олимпиада мәресіне жетті. Орталық Мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында білім сайысында озып шыққан жүйріктер марапатталды.

Жәкула Күшікұлы қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі. Бірнеше жылдан бері өтіп келе жатқан олимпиада биыл тұңғыш рет облыстық деңгейде өтті. 9-11 сыныптарда оқитын 200 оқушы қатысты. Олардың барлығы бұған дейін аудандық, қалалық олимпиадаларда озып, үздік шыққандар,-дейді Асқар Жәкулов атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар  Сейдолла.

Екі күн бойы өткен олимпиаданы «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы қоғамдық-саяси қайраткер Жәкула Күшікұлының немересі Асқар Жәкулов атындағы қайырымдылық қорымен бірге ұйымдастырған.

Олимпиаданың облыстық кезеңі екі айналымнан тұрды. Алдымен қатысушылардың теориялық білімі сынға түссе, екінші айналымда олимпиадалық тапсырмаларды шешу үшін тәжірибелік білімдерін көрсетті.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдармен бірге ноутбук, смартфон сияқты бағалы сыйлықтар берілді. Қорытындысында 18 оқушы -1 орынға, 24 оқушы – 2 орынға, 48 оқушы – 3 орынға ие болып, 9 оқушы арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары