Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік Назерке «Мерген ару– 2018» номинациясын жеңіп алды

фото автордыкі

Семей

Семейлік Назерке «Мерген ару– 2018» номинациясын жеңіп алды

Семейдегі Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын № 5 көп бейімді-гимназияның қабырғасында құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубы  қаладағы 44793 әскери бөлімге қарайды.  Осы әскери-патриоттық клубтың мүшесі Назерке Биғалиева өз командасымен Ақтөбе қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Әлия Молдағұловаға арналған қыздар арасында пневматикалық винтовка атудан сайысқа қатысып келді. Қанжығасына «Мерген ару-2018» номинациясын жеңіп алып қайтыпты. Аталмыш іс-шара Ақтөбе қаласындағы № 55 мектептің базасында өткізілген екен.

-Қазақстан әскери спорттық клубтар федерациясы, Дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 9 команда қатысты,-деді Назерке Биғалиева,- Әр команданың құрамында алдын ала іріктеу сынынан өткен 5 қыздан бар. Олар екі турдан тұратын, яғни  біріншісі — мылтықты тіреп ату, екіншісі — мылтықты еркін ұстап, тіремей ату сайыстарынан сайысқа түсті. Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейімді-гимназияның «Жас қыран» командасы абыроймен қорғады.

Бір айта кетерлігі, облыс атынан сынға түскен «Жас қыран» командасының капитаны Назерке Биғалиева жарысқа екі жыл қатарынан қатысып, биіктен көрініп келеді екен. Мәселен, Назерке былтыр  «Мерген ару-2017» атанса, биыл батыр қызымыз «Мерген ару-2018» есімін тағы да қанжығасына байлапты.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары