Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде өткен қоғамдық кеңесте ағаштарды кесу мәселесі талқыланды

фото автордыкі

Семей

Семейде өткен қоғамдық кеңесте ағаштарды кесу мәселесі талқыланды

Семейдегі қоғамдық кеңесте талқыланған мәселенің бірі көшеде өсіп тұрған ағашты жөн-жосықсыз кесу болды. Мәселен, осы наурыз айында бір кәсіпкер Қабанбай батыр көшесі бойындағы ағаштарды кесіп тастаған екен. Десе де, оның әкімдіктен рұқсат қағазы болса керек. Бұл жайлы облыс басшысымен өткен селекторлық кеңесте талқыланып, қала әкімі Ермак Сәлімов осы мәселеге себепкерлер анықталатындығын айтқан екен. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің жиын барысында Гагарин көшесіндегі мыңдаған ағаштардың кесіліп, орнына небәрі 12 жас көшет қана егілгені де сынға алынды.

-Бүгінгі таңда арнайы  комиссия бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр,-деді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков,- Кім бұған рұқсат берді, ағашты кесу үшін кімдер қандай қорытынды жасады, ағашты кескен адамдар орнына қанша ағаш отырғызады, барлы анықталады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер әкімдіктің тиісті сала, бөлімдеріне барады. Олар кәсіпкерлердің ғимарат, құжаттарын  жан-жақты қарап барып қана, рұқсат қағаздарын береді. Онда кейбір мәселелерді қоғамдық кеңесте талқылау деген талап жоқ. Сондықтан да ағаштар не себептен кесілгені туралы мәселені ТҮКШ бөлімі қарастырып жатыр.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары