Біз әлеуметтік желілердеміз

БАҚ: II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін

Әлем

БАҚ: II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz The times порталына сілтеме жасап.

Шетелдік басылымдардың дерегіне сүйенсек, II Елизавета Испанияны билеген мұсылман корольдерінің туысы. Оған дәлел ретінде басылымдар патшайымның 40-буынға дейінгі шежіресін келтірді. Мақала авторы мұндай туыстықты «екі дін арасындағы көпір» деп атады.

Мұсылман елдері бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, тіпті марокколық кей блогерлер «Патшайымды сақтай гөр, Алла!» деген сынды жазбалар да қалдырған.

The Times мәлімдегендей, мұндай алғашқы теория 1986 жылы «Берктің пэрлер кітабында» жазылған. Кітап баспагері Гарольд Брукс-Бейкер ол уақыттарда былай деген еді: «Британдықтар патшайымның Мұхаммед пайғамбардың туысы екенін біле бермейді. Алайда мұсылман дініндегі басшылар мұны мақтан тұтады».

Тарихшы Дэвид Старки теорияның өте қызықты екенін, алайда дәлелденбегенін айтты.

Ғалым Ричард Конисбург деректі еш күмәнсіз деп келтірді. Оның айтуынша, Англия мен Испания арасында аралас неке көп кездескен. «Орта ғасырларда Испания монархтары мен ислам патшалығының үйі бір-біріне жақын болған», – деп келтірді ИноТВ.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары