Біз әлеуметтік желілердеміз

Катонқарағай ауданында ұзындығы екі шақырымдық жыра пайда болды

Фото: Шамиль Багаутдинов

Шығыс Қазақстан

Катонқарағай ауданында ұзындығы екі шақырымдық жыра пайда болды

Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты Көкөзек учаскесінде екі шақырымға созылған геологиялық жарық тәріздес жыра пайда болды. Оған көктемде еріген қарғын су себеп болған екен.

Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.

Қазір аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары