Біз әлеуметтік желілердеміз

“Рухани жаңғыру” бағдарламасына бір жыл толды

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Рухани Жаңғыру

“Рухани жаңғыру” бағдарламасына бір жыл толды

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мəні зор мақаласының жарыққа шыққанына бір жыл толуына орай көрме ашылып, осынау бағдарламның аясында қолға алынған ауқымды жобалардың есебі тыңдалды.

Шараның тізгінін ұстаған ҚР Президенті Əкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекет басшысы мақаласының маңызына ерекше тоқталып, бағдарлама аясында қолға алынған жобаларға əр азамат белсенді қатысқанда ғана оның нəтижесі болатынын атап айтты.

-Осынау шараның мақсаты да осы. “Рухани жаңғыру” бағдарламасын одан əрі қалай жетілдіруге болатынын ақылдасу, ойласу,-деді ол.

Ал жиында “Аймақтардағы “Туған жер” арнайы жобасының іске асырылуы туралы” есеп берген ҚР Президенті Əкімшілігінің мемлекеттік бақылау жəне ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Мақсат Мұханов “Рухани жаңғыру” бағдарламасының бір жылдың ішінде нағыз халықтық бағдарламаға айналғанын жеткізді.

Жалпы, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының бір жылдығына арналған көрмеге əр аймақ, əр облыс өз жетістігін алып келіп, зиялы қауымның назарына ұсынды.

-Біз республикалық көрмеге өңірімізде жүзеге асырылған ең үздік жобаларды алып келдік. Тек өткен жылы ғана шағын жəне орта бизнестің қолдауымен “Туған жер” жобасы шеңберінде 929 жоба іске асырылды, – дейді “Рухани жаңғыру” жобасының аймақтағы офисінің жетекшісі Ольга Шабалина.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары