Біз әлеуметтік желілердеміз

Мемлекеттік медициналық университет ұжымы бір күндік еңбекақыларын Аягөз ауданына көмек үшін аудармақ

Фотосурет авторы: Е.Гуляева.

Шығыс Қазақстан

Мемлекеттік медициналық университет ұжымы бір күндік еңбекақыларын Аягөз ауданына көмек үшін аудармақ

Тасқынан зардап шеккен Аягөз ауданына жан-жақтан көмек ағылып жатыр. Айтпай келген апатың ортасында қалған жерлестеріміздің тағдырына ешкім селқос қараған жоқ. Көптеген еңбек ұжымдары  қандай да болсын көмек қолын созуда.

Семей Мемлекеттік медициналық университетінің ұжымы да осы қатардан табылды.  850  оқытушы мен қызметкері бар үлкен оқу орны өздерінің бір күндік жалақыларын Аягөз ауданына аударуды жөн деп шешіпті.

-Қазір барлық заңдық жұмыстар атқарылып жатыр. Сол жұмыстар аяқталысымен Аягөз ауданына көмек үшін қор есеп шотына  7 миллион теңгеге жуық қаражат аударамыз,-деді аталған оқу орнының баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше кәсіпорындар мен мекемелер ұжымы бір сәтте ұядай баспаналарынан айырылған аягөздіктердің жағдайына алаңдаушылық танытып, барынша қолдау білдіріп жатыр.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары