Біз әлеуметтік желілердеміз

Тарбағатай ауданындағы Базар өзені ернеуінен асып кетті

Шығыс Қазақстан

Тарбағатай ауданындағы Базар өзені ернеуінен асып кетті

Қар суының еруі Тарбағатай ауданындағы Базар өзенінің де тасуына әкеліп соқты.

Қазіргі уақытта аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен суды тұрғын үйлерден аластатудың шаралары белсенді түрде жүріп жатыр. Қауіпті аумаққа инертті заттармен толтырылған қаптар төселуде. 4 аула мен шаруашылық қораларына су жайылған. Барлық күштер мен құралдар адамдар мен тұрғын үйлерді көтерілген судан аман алып қалуға жұмылдырылды.

Оқиға орнында 35 адам мен 5 техника жұмыс істеуде.

Шемонайха ауданындағы Верх-Уба ауылында арықтардан су ағызу жұмыстары қолға алынған. Ауа райының жылфнуынан 4 ауланы су басып кетті. Бұл жерде де апатқа қарсы жергілікті әкімдіктің күштері мен құралдары біріктірілген.

   

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары