Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөз ауданында Кіші Аягөз өзенінің үстімен өтетін көпір салынады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Шығыс Қазақстан

Аягөз ауданында Кіші Аягөз өзенінің үстімен өтетін көпір салынады

Аягөз ауданында арнайы сапармен жүрген облыс әкімі Даниал Ахметов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, аудан орталығындағы бірнеше нысанда болып қайтты.

 

Атап айтқанда, Кіші Аягөз өзенінің үстімен өтетін бірнеше көпірдің жағдайын көріп қайтты. Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Аягөз қаласында нөсерлетіп жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласып, қаладағы бірнеше көпірге қауіп төндірген-ді.

Шыны керек, аталмыш көпірлердің дені ескі болғандықтан табиғаттың тосын мінезіне бәлендей төтеп бере алмады. Соңғы ақпарат бойынша үш көпірді су шайған. Оқиға орнына барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан аймақ басшысы Даниал Ахметов өзен үстімен өтетін жаңа көпір салу керектігін айтып, аудан әкімі Бақытжан Байахметовке тиісті құжаттамалар әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ шаһардың «Залиний» деп аталатын ықшамауданына су мен жылу желілерін тарту керектігін айтты. Аудан басшысына қаладағы Амангелді, Барақ батыр, Тоқсанғазин, Желтоқсан сияқты көшелердің жолдарын жөндеп, жарықтандыру мәселесін шешуге қатысты міндеттер жүктеді.

-Аягөз өзенінің жағасын да бекемдеу керек. Бұған қоса жағалауды тазарту жұмыстарына да ден қоюларыңызды сұраймын. Кіші Аягөзге келер болсақ, өзен үстінен тағы бір көпір салатын боламыз, – деді облыс әкімі.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары