Біз әлеуметтік желілердеміз

Бүгін Өскеменде  Славский жағалауындағы  қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданады

Шаһар шаруашылығы

Бүгін Өскеменде  Славский жағалауындағы  қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданады

Қала тұрғындары Стрелка бағытындағы  қоғамдық көліктің тоқтап қалғандығына үлкен алаңдаушылық танытып отыр.  Кеше күні бойы ауа райының қолайсыздығы салдарынан бұл жолмен жүру мүмкін болмаған.

Бүгін таңертең де сол жағдай қайталанды,тек  маршруттық көліктер ғана жүріп жатыр.

– Мен тіпті автобустардың жүрмейтінін білген де жоқпын,қазір сабақтан қалып қалушы едім. Жаяу жүруге тура келеді,өйткені маршруттық көліктер мен баратын жерге  дейін бармайды,-дейді қала тұрғыны Дмитрий Сальников.

Шынымен де барлық жағалауда орналасқан аялдамалар бос тұр.

–Қазір жолдар  ірі қоғамдық көліктердің жүруіне жарамайды.Жолдың жөнделіп аяқталмаған бөлігін су шайып жатыр. Қазір ол жерде екі грейдер жұмыс жасауда. Сағат 16.00 шамасында жол ашылады деп жоспарлап отырмыз.Әзірге ол жолмен жүретін автобустар Крылов көшесі арқылы өтеді,-дейді «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директорының орынбасары Ернар Мұстафин.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары