Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде зардап шегушілер психологтің көмегіне жүгінуде

Шығыс Қазақстан

Аягөзде зардап шегушілер психологтің көмегіне жүгінуде

Аягөз ауданында қызыл судан зардап шеккен тұрғындарға психолог-құтқарушы өз қызметін көрсетуде. Оқиға орнында Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару отрядының психологына 17 адам көмек сұрап, қаралды.

– Адамдарда негізінен үрей мен ыза-күйініш байқалады, бізге қорқыныштан арылтатын әдістемені қолдануға тура келді және психологиялық қолдау көрсеттік, -дейді ШААЖҚО-ның психологы Оксана Петрова.

Психолог зардап шегушілермен бірге Аягөз қаласындағы №6 мектеп-интернатта орналасқан эвакуация пунктінде қабылдайды. Азаматтардың көңіл-күйін мамандар тәулік бойы қадағалап отыр.

Пунктте бұдан басқа терапевт және педиатр дәрігерлер бар. Дәрі-дәрмек пен медикаменттік препараттар жеткілікті.

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары