Біз әлеуметтік желілердеміз

Қатонқарағайда скандинавиялық жүріске ден қойғандар артты

Спорт

Қатонқарағайда скандинавиялық жүріске ден қойғандар артты

Табиғаты сан қилы Қатонқарағайдың нәзік жандылары қашан да қиындықа мойымайтын қайсар мінезді болып келеді. Соның бір дәлелі-аудандағы Солоновка ауылының  әйелдер қауымы скандинавиялық жүріске ден қоя бастады. Себебі бұл спорттың  денсаулық пен қатар дене сымбатына берері көп.

Ерекше спортпен айналысуды осыдан екі жыл бұрын  Айгүл Рахымжанова мен Жаңғылыс Ережепова қолға алыпты.. Соңынан тағы да көп тұрғындар үлгі алып, осы жүріске бет бұрған.  Нақтырақ айтқанда әйелдер қауымы аса үлкен ықылас танытқан.  Сонымен арасында Владимир Бирюков есімді жалғыз ер азамат бар спорт сүйер жұрт скандинавиялық жүріске шындап кіріседі.

–Біздің жақтың әйелдері әр іске икемді, іліп алып кетеді.Бастапқыда біз жай ғана жүгірдік,соңынан жаяу жүруге көшіп,ақыры скандинавиялық жүріс жайында біліп осы спортпен айналысамыз деп шештік. Енді еш өкінбейміз,-дейді Айгүл мен Жаңғылыс.

Ерлер қауымы да қарап отырмай жұбайларына кәдімгі алюминиден  резиналы ұстағыштары бар таяқшалар жасап берді.Жеңіл де берік. Осылайша спортшы нәзік жандылар ауыл ішін таяқшамен аралауды бастап кеткен. Қатарлары күнен күнге артып, салауатты өмір салтына ұмтылғандар саны көбейді. Әйелдер денсаулықтарының жақсарып, сергек жүретіндерін сезіне бастады. Бұл бекерден  емес еді.Өйткені скандинавиялық жүріс дене бітімін дұрыс ұстауға, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алуға, артық салмақтан арылуға ерекше көмектесетін спорт түрі. Қазір Солоновкада 20-дан астам адам осы спортпен шұғылданады.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары