Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөз ауданының әкімшілігі, аудандық «Нұр Отан» партиясы және аудандық мәслихаттың ҮНДЕУІ

Шартты сурет

Шығыс Қазақстан

Аягөз ауданының әкімшілігі, аудандық «Нұр Отан» партиясы және аудандық мәслихаттың ҮНДЕУІ

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

“Апат айтып келмейді”. Ауа райы жылынуы мен жауған нөсерлі жаңбыр қырлы жерлердегі қарды ерітіп, сарқынды сулардың пайда болуына себеп болды. 2018 жылдың 11 наурызында Аягөз ауданы әкімінің № 1-47-ө өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. 3 автокөлік, 5 жаяу жүргінші өткелі, 20 ға жуық тұрғын үйді еріген қар мен жауын шашын суы басып қалды. Олардың ішінде мектеп жасындағы балалар да, мүмкіндігі шектеулі адамдар да, жұмыссыз азаматтар мен зейнеткерлер де бар. Бұл барын тиындап жиып, тірнектеп құраған ағайындарымызға ауыр соққы болды.

Ойламаған жерден орын алған зардапқа ұшырағандар қатарында біреулеріңіздің туыстарыңыз, біреулеріңіздің таныстарыңыз бен аралас ағайындарыңыз да жоқ емес. Ең бастысы, адам шығыны орын алған жоқ. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қайырымдылықтың қайырлы іс екенін түсінген аудан тұрғындары мүмкіндігінше киім-кешек, азық-түлікпен қолдау көрсетуде.
Халқымызда
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер — соқпақ болады,
Мың адам жүрген жерде жол қалады деген маңызы терең нақыл сөз бар.
Ардақты аудан тұрғындары!

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыз айтып қана қоймай ел басына күн туған қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындық пен ауыртпашылықты бірге көтеріп, жеңе білген.Олай болса, қиын жағдайға ұшырап үйсіз, күйсіз қалған жерлестерімізді жан жақты қолдайық. Біз берекелі ел, ынтымағы берік халық, мейірімі шексіз тұрғындар екенімізді осындайда дәлелдейік.
Зардап шеккендердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы есеп шот ашылды.
Жұмыс тобы құрылып арнайы комиссия қызметін бастап та кетті. Әрқашан қандай да болсын қиындыққа душар болған адамға көмек беру – азаматтық парыз деп есептеледі. Сол себепті мүмкіндігімізше отандастарымызды желеп-жебеу мақсатында табиғаттың дүлей апатынан зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беруге шақырамыз.
Сондай-ақ, басқа да өңірлердің қайырымды атымтай азаматтары, кәсіпкерлер, еліміздің түкпір-түкпірлерінде жүрген Аягөздіктер игілікті іске өз үлестеріңізді қосамыз десеңіздер шексіз ризашылық білдіреміз.
Апатты жағдайға тап болған жерлестеріміздің тағдырына бей-жай қарамай қолдан келер көмек қолын созады деген үміттеміз.
Шоттың реквизиттері:
ОФ “Аягөз Болашақ”
БИН 110740000641
БИК KZKOKZKX
КБЕ 18
Ағымдағы есеп шот KZ279260301178000004 KZT “Казкоммерцбанк” АҚ бөлімшесі.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары