Біз әлеуметтік желілердеміз

Жарма ауданында бокстан Қазақстанның аймақтық чемпионаты өтті

Спорт

Жарма ауданында бокстан Қазақстанның аймақтық чемпионаты өтті

Қалбатау ауылында өткен аймақтық біріншілікте 2004-2005 жылғы жасөспірімдер өзара күш сынасты. Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының дарынды жас өрендері жиналды. 

Сайыстың әділ өтуін Қарағанды облысынан келген халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі А. Макалин қадағалады. Доданың ашылуында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т. Мұратов сөз алып, балғын боксшыларға сәттілік тіледі. Осы ретте Қалбатаудағы бәсекені тамашалауға отандық бокстың жарқын өкілдері арнайы келгенін айта кеткен орынды. Солардың қатарынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Азия чемпионатының жеңімпазы, Әлем кубогінің иегері, 1992 жылғы Барселона Олимпиадасына қатысушысы, бокстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы А. Топаев табылды. Мәртебелі мейманның иығына аудан әкімінің атынан оқалы шапан жабылды. Сол сияқты аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қ. Сафиннің 50 жасқа толуына орай,  Жарма аудан әкімінің аппарат басшысы А.Узбеков, атқарушы билік атынан мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Ал білікті бапкердің шәкірттері ұстаздарына автокөліктің кілтін сыйға тартты. Аймақтық чемпионаттың нәтижесінде үздік былғары қолғап шеберлері ақтық финалға жолдама алды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары