Біз әлеуметтік желілердеміз

Күршім ауданында топтеректіктер қайықпен қатынауға мәжбүр

Шығыс Қазақстан

Күршім ауданында топтеректіктер қайықпен қатынауға мәжбүр

Күршім ауданындағы Топтерек ауылының тұрғындары сыртқы әлеммен байланыссыз қалды. Елді мекенді топан су басу қаупі болмағанымен, толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан өзеннің ернеуі тасып, Күршім ауылымен жалғап тұрған көпірді  шайып кетті. Адамдар қайықпен қатынауда.

Көпірден Топтерекке дейінгі аралық шамамен 4 шақырымды құрайды. Қазір жол жабылып, жүзу құралдарымен қатынау ұйымдастырылған, пост қойылды. Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару отрядының мамандары  ауданның құтқарушыларымен, жергілікті полиция қызметі, әкімдіктің көмегімен топтеректіктерді, азық-түлікті қайықпен жеткізуде.

Бір жағадан екіншісіне қазірдің өзінде он адам қайықпен өтті, ішінде үш бала бар. Қауіпті аумақ тәулік бойы бақылауға алынған.

 

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары