Біз әлеуметтік желілердеміз

Облыста қанша адам «көлеңкеде» қалып отыр?

Шартты сурет

Шығыс Қазақстан

Облыста қанша адам «көлеңкеде» қалып отыр?

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетінші наурыздағы мәліметтері бойынша, өңірде 60 803 өнімсіз өзін-өзі қамтушы, 27 146 еш жерде тіркелмеген жұмыссыз белгілі болып отыр.

-Анықталған өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар мен тіркелмеген жұмыссыздарды еңбекке тартудың белсенді шараларымен қамтитын боламыз.  Оған бізде кешенді жоспарымыз бар. 2018 жылы «Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жол» сияқты әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде, «Жасыл ел» жобасымен  51 мың 583 адамды қамти аламыз.

Бұл бағдарламалар тек жұмыспен камтуға қолдау көрсетіп қоймай, ниет білдіргендерді еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға баулуға, кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретуге мүмкіндік береді. Біз жұмыссыздардың айқын болуын талап етуіміздің тағы бір себебі- олардың нақты дерегін білсек, мемлекеттік бағдарламаларға қосымша жұмыс орындарын енгізуге ұсыныс жасар едік, — деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ринат Қасенов.

«Көлеңкеде қалған» тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген.

-Адамдарға олардың табысынан ұсталатын төлемдердің басым бөлігі өзінің болашағы мен денсаулығы үшін екенін жіліктеп, айтып беру керек. Мысалы, зейнетақы төлемдері келешекте зейнетақыны тағайындау үшін, МӘМС қорына төлем тегін емделу үшін қарастырылған. Сонда салықтан басқа ұсталған қаражаттың барлығы аяғында азаматтардың өздеріне қайтып келеді. Мәселе, салық салуда да емес, жүйелендіруде. Қарапайым мысал. Бес сиыры, он бес қойы, үш жылқысымен отырған отбасы бар делік. Ол бір жылқысын баласының оқуына, екіншісін соғымға деп жоспарлап қойған. Үш қойын сатады, көмір алады, сиырын сатып, балаларын киіндіреді, осылайша өзі жүйелендіріп алған. Сол жоспары бойынша оның табысы өзіне жетіп тұр. Бірақ, еш жерде тіркелмегендіктен, ертең не дұрыс зейнетақы алмайды, не денсаулығын түзей алмауы мүмкін. Мәртебесі жоқ тұрғындармен жұмыстарды салық органдарымен, еңбек инспекциясымен тығыз байланыста атқарамыз, — деп түсіндірді Ринат Нұрахметұлы.

 

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары