Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде суретші Альфия Мұхамедиянованың көрмесі ашылды

Фотосурет авторы: В.Иванов

Мәдениет

Өскеменде суретші Альфия Мұхамедиянованың көрмесі ашылды

Түстердің астасуы, жарық пен көлеңкенің тамаша әсері Өскемендік суретші, «Творим вместе»  атты қолөнер студиясының жетекшісі Альфия Мұхамедиянованың қылқаламынан туындаған шығармалардан айырықша сезіледі.  Альфия Мухамедьянова – Қазақстанның және Ресейдің акварелистер одағының мүшесі.  Суретшінің айтуынша акварель қиындығы мен әдемілігі мол жұмыс.

–Мен  академиялық мектеп  шеңберінде жұмыс жасаймын. Көптеген суретшілер  фотосуреттермен жұмыс жасайды. Бұл да тиімді, өйткені қазір ғаламтордың  дамыған заманы ғой,-дейді Альфия Мұхамедиянова.

Шығармашылық иесінің айтуынша ол өз туындыларын алаламайды. Бәрін де ерекше ықыласпен орындағандықтан,қатты жақсы көреді.

– Оның жұмыстарына қарасаң әдеттегі  нәрселердің өзі романтикалық күйге енеді. Ол бізді қоршаған әрбір жайтқа селқос қарамайды,сүйіспеншілікпен сезіне қарайды,-дейді қылқалам шебері туралы облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Тамара Быкова.

Альфия Мұхамедиянова халықаралық көрмелерге жиі қатысады.  Оның көрмесі Пәкістан мен БАӘ—де  де  жұмыс жасады.

Осы жолы облыс орталығындағы көрмеге 2014-2018 жылдары орындалған 59 жұмысы қойылды.  Суретшінің  сырлы әдемілікке толы сиқырлы көрмесі наурыздың соңына дейін жалғасады.  Оның жұмыстарымен  Горкий көш. 59 мекен-жайында, «Алтай» галереясында танысуға болады.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары