Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемендік ата-аналар балалар үшін бірікті

фотосуретті ұсынған мектеп басшылығы

Қоғам

Өскемендік ата-аналар балалар үшін бірікті

Балалардың қауіпсіздігі ата-аналар мен мұғалімдер үшін ортақ міндет.  №37-ші мектептің ата-аналары мен мұғалімдері табиғат тосын мінез танытқан бүгінгі күндері мектеп ауласын бірлесе тазалауды жөн деп тауыпты.  Осылайша  ауладағы қатқан қарды еріген суды тазалауға мұғалімдермен оқушылардың ата-аналары   жұмыла кірісті.  Өйткені барлығы да балалардың қауіпісіздігі үшін екені белгілі. Ортақ іс қашан да оңай жүреді.

-Сенбілік ата-аналар мен мұғалімдерді ынтымаққа шақырып, бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығаруыға ықпал етті. Аула лезде тап-таза болып шыға келді. Енді оқушылардың аулада жүруі қауіпсіз.Езілген қар да, жайылған су да жоқ,-деді  мектеп басшылығы.

 

Мұғалімдер ата-аналар қауымына ризашылықтарын білдіреді. Осындай қиын кезде ешбір ренішсіз көмек қолын созған азаматтардың әрекеті мектеп оқушыларына үлгі өнеге болары анық.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары