Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде студенттерге арналған жаңа жатақхана салынады

Білім

Өскеменде студенттерге арналған жаңа жатақхана салынады

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттер қалашығында жаңа жатақхана,сауықтыру кешені және басқа да нысандар бой көтереді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сонымен қатар аймақ басшысының тапсырмасымен, өңірлік  ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша бағдарламаны іске асыру жұмыстары да толыққанды жүргізіліп жатыр.

–  Осы жылы облыстық әкімдік тарапынан бөлінетін грант екі есеге артып 400-ге жетеді. Студенттердің білім алуына қомақты қаржы бөлініп жатқандықтан біз аудан,ауыл мектептеріне барып кәсіптік бағыт –бағдар беру бойынша белсенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз.Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп орындарымен тәжірбиелік қатынасты нығайту бойынша шараларды атқарудамыз. Елбасы жолдауы шеңберінде  жаңа заман талабына сай басымдылықпен оқытылатын бағдарламаларымыз да бар,олар өнеркәсіптерді,денсаулық саласын,ауылшаруашылығын  сандық форматқа сәйкестендіруге бағытталған,– дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу-әдістемелік  жұмыстар бойынша проректоры Сәуле Рахметуллина.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары