Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО- да ұстаздар ұлттық стильдегі көйлектерді насихаттап жүр

Шығыс Қазақстан

ШҚО- да ұстаздар ұлттық стильдегі көйлектерді насихаттап жүр

Қазақтың ұлттық киімінің әсемдігі мен ыңғайлылығын паш етуді мақсат еткен Назарбаев зияткерлік мектебінің кураторлары  бір ай бойы ұлттық стильдегі көйлектерді киіп жүруді ұйғарыпты.

Ұлттық үрдісті дәріптеген педагогтар «Рухани жанғыру» бағдарламасына осылайша үлес қоспақ.  Көктемнің алғашқы күнін олар ою-өрнекпен әсемделген көйлектермен қарсы алып, ұлттық әшекейлерді тағып шықты.

-Біз оқушыларымызға ұлттық стильдегі киімдердің әдемі ғана емес, қолайлы да екенін көрсетуді өзімізден бастауды жөн санадық, – дейді Шолпан Чакиртенова. – Наурыз мерекесі қарсаңында қыздар да әшекейлерін, шаштарына сыңғырлаған шолпыларын  тағып шығады.  1 наурызда басталған акция бір айға созылады.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның сөзіне қарағанда, білім ошағында Наурыз мерекесінің алдында ұлттық киімдерді киіп жүрудіңтамаша дәстүрі қалыптасқан. Биылғы шара сол бастаманың шекарасын кеңейте түсуге саяды.

 

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары