Біз әлеуметтік желілердеміз

Кэри-Хироюки Тагава: «Борат елді емес, өзін мазаққа айналдырды»

фото Ева Янгтікі

Өскемен

Кэри-Хироюки Тагава: «Борат елді емес, өзін мазаққа айналдырды»

Өскеменде өткен соңғы баспасөз конференциясында америкалық актер Кэри Тагава әлемнің Қазақ елі туралы пікірін өзгертетінін айтты.

– Біз Голливудтан, Америка Құрама Штаттарынан келдік. Ол жерде Қазақстан туралы түсінік өте аз, – дейді Тагава мырза. – Біз Қазақстан туралы дұрыс пікір қалыптастыруға бар күшімізді саламыз. Өйткені бір аса нашар фильмнен кейін америкалықтарда Қазақстан туралы қате пікір қалыптасып қалған еді. Біз сол фильмнің әсерін толық жойып, әлемге жаңа фильм көрсетеміз.

Кэри Тагава айтып отырған фильмнің атышулы «Борат» екенін жиналған қауым бірден түсінді. “Бұл жоба «Бораттың өлімі» деп аталады” деген қалжыңымен актер жиналғандардың көңілін көтеріп тастады.

– Шынына келгенде, ол адам елді емес, өзін мазаққа айналдырып отыр. Өзінің фильмдерімен ол Американың ең сиқысыз, нашар жақтарын көрсетеді. Бір нәрсені түсініп, білмей жатып, оны күлкіге айналдыру – жаман қылық. Сондай әрекеттердің салдарынан әлемде соғыс та басталып кетеді, – деді ол.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары