Біз әлеуметтік желілердеміз

Голливудтық актерлар деректі фильмді қай аудандарда түсіреді?

фото: Мерей Қайнарұлы

Қазақстан

Голливудтық актерлар деректі фильмді қай аудандарда түсіреді?

Бүгін Нұртауда голливудтық «Castle Films» компаниясы мен қазақстандық кинокомпания деректі фильмдерін түсіруді бастап кетті.
Таңертең Кэри Тагава, Марк Дакаскос, Бай Лин Өскеменнің іргесіндегі «Нұртау» демалыс орнына барып, дерекі фильм түсіруге кірісті.
Марк Дакаскос шаңғы базасына бара сала аяғына сноуборд байлап, шаңғы жолына түсіп зырлай жөнелді. Ал «Такси-3» фильмінде шаңғымен зулап жүрген Бай Лин Нұртауда шаңғы тебуді енді-енді үйреніп жүргенін байқатты.
— Табиғаты тамаша жер екен. Кеше келе сала құшақ жая қарсы алған халықты көріп қуандық. Бәрі қонақжай. Қазақтың қымызын ішіп көрдім. Енді қалай қымыз ішпей жүреді екенмін, — дейді актриса Бай Лин.
Ал үнемі жағымсыз кейіпкерлерді сомдайтын Кэри Тагава өте сабырлы адам екен. Шаңғы базасында демалып жүргендермен суретке түсіп, қолтаңбасын беріп жүрді.
Голивудтық актерлар Нұртауда бастаған түсірілімдерін Абай, Күршім, Зайсан аудандарында жалғастырады. Бұл деректі фильмге продюссерлік етіп жүрген Арман Асенов голливудтық жұлдыздардың Шығысқа келуі, Елбасының АҚШ-қа барған сапарымен де байланысты екенін айтып қалды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары