Біз әлеуметтік желілердеміз

Білімдерімен көзге түсті

Білім

Білімдерімен көзге түсті

Зайсандық оқушылар осыдан біраз бұрын Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алғаш рет өткен университеттің химия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты А.Байбосынованы еске алуға арналған 7-9 сынып оқушылары арасындағы облыстық пәндік олимпиада жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, екі кезеңнен тұрған білім сайысының ақтық сынына Зайсан ауданының 15 бірдей оқушысы жолдама алды. Олардың 10-ы аудан орталығындағы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің шәкірттері болса, қалған бесеуі – Х.Мұстафин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары. Олимпиада қорытындысы бойынша зайсандық оқушылар тоғыз жүлделі орынның алтауына ие болып, ұстаздар сенімін ақтады.

Осы ретте, білімдерімен көзге түскен Б.Тоқтамұратова, А.Досмұханбет, Т.Якупова, А.Нұрлыбекқызы, Т.Смятов, К.Бағатбек сынды жас химиктерді сайысқа дайындаған мұғалімдер М.Досмұханбет пен Н.Сабикенованың еңбектерін ерекше атап өткен орынды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары