Біз әлеуметтік желілердеміз

95 жоба жүзеге асқан

Шығыс Қазақстан

95 жоба жүзеге асқан

Жергілікті кәсіпкер Құрманғазы Қаденұлы туған ауылындағы көшенің біріне шам орнатуға өзі атсалысыпты.

Былтыр Үржар ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 140 миллион теңге болатын 95 жоба жүзеге асқан. Ауданда ай сайын жаңа ғимараттар мен іскерлік нысандары бой көтеріп келеді.

Жергілікті кәсіпкер Құрманғазы Қаденұлы туған ауылындағы көшенің біріне шам орнатуға өзі атсалысыпты. «Ендігі мақсат –  көше жолына асфальт төсеу», дейді ол.

– Осыдан біраз бұрын аудандық кәсіпкерлер бірлестігін құрғанбыз. Бүгінде оған 90-ға жуық адам мүше. Ай сайын ақша жинап отырамыз. Былтыр өңірде Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. Сол мерейтой құрметіне бірлестік атынан жаңа автокөлікті сыйға тарттық. Енді ауданымыздың 90 жылдық тойын лайықты деңгейде атап өтуге өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді кәсіпкер.

Жергілікті әкімдіктен хабарлағандай, 2017 жылы осындай шағын кәсіпкерлік нысандарынан түскен салықтың үлесі аудандық бюджетке түскен жалпы табыстың 27,5 пайызын құрапты. Былтыр аудан көлемінде бірқатар жаңа кәсіпорын жұмысын бастап, 82 жұмыс орны ашылған-ды.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары