Біз әлеуметтік желілердеміз

Ана мен бала орталығына компьютерлік томограф орнатылды

фото Ева Янгтікі

Денсаулық

Ана мен бала орталығына компьютерлік томограф орнатылды

Ана мен балаға орнатылған аппаратта зерттеулерді тәулік бойы, шектеусіз, қажеттілік туындаған жағдайда өткізу жоспарлануда.

ШҚО Ана мен бала орталығына жаңа тиімділігі жоғары, Жапонияда шығарылған компьютерлік томограф орнатылды. Естеріңізге сала кетсек, бұл медициналық мекеменің кішкентай емделушілері осы процедураны басқа емханалардан өтуге мәжбүр еді. Енді аса қажетті жабдық тәулік бойы жедел жағдайларда да қолжетімді болмақ.

Компьютерлік томограф орталыққа 2017 жылдың соңында әкелінген еді. Ол бір айналымда 128 срез жасайды. Зерттеулер мен диагностиканың барлық түрлеріне арналған, жоғары дәлдікті нәтиже көрсетеді. Онда кез келген ағза мен оның бөліктерін жете зерттеуге болады: ми, өкпе, бауыр, жүрек, сүйек, буын және т.б. Сондай-ақ, балалардың туа біткен патологиялары мен қатерлі ісік ауруларын ерте кезде анықтай алады. Қарапайым сөзбен айтқанда, адам ағзасындағы минималды өзгеріс томографтың сәулесінен тыс қалмайды.

—  Бұған дейін біздің науқастар компьютерлік томографта тексерілу үшін басқа қалалық  ауруханаларға баратын. Нәтижелерді, кезектерді ұзақ күтуге де тура келетін, — дейді  сәулелі және функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Даниярова. – Енді бұл өзімізде қолжетімді болды. Барлық категориядағы балаларға, жаңа туылған сәбиден 15 жасқа дейінгі балаға, және босанғаннан кейін патологиясы бар әйелдерге де арналған.

Жалпы, компьютерлік томограф деген не? Заманауи медицинаны томографиясыз елестету қиын болып барады, әсіресе ауыр асқынған сырқат жағдайында. Томография — рентгенологиялық зерттеулердің ерекше түрі, ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен рентген сәулелерінің негізінде адам денесінің кескіндерін алуға болады. Ал бұл суреттердің талдауын компьютер жасайды. Аппараттың «компьютерлік томография» деп аталуы осыдан. Томографияның мұндай мүмкіндіктері зерттеудің ғана емес, емдеу барысының да сапасын арттыратыны сөзсіз.

Ана мен балаға орнатылған аппаратта зерттеулерді тәулік бойы, шектеусіз, қажеттілік туындаған жағдайда өткізу жоспарлануда.

-Балалар жиі жарақаттанады, әсіресе жаз кезінде, — дейді Бақытгүл Даниярова. – Томографта зерттеулерді қажеттілік бойынша кез келген уақытта: жоспар бойынша, алдын ала жазылу бойынша және жедел жағдайларда жүргіземіз.

СФД бөлімі меңгерушісінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл томографта 80-ге жуық зерттеу жүргізіліп үлгерген екен, олардың ең негізгілері – нейрохирургиялық зерттеулер.

Серік Қизатуллин, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер-нейрохирург:

Өте жақсы томограф. Ауыр науқастар түсіп жатыр, енді біз олардың осы жерде зерттей аламыз. Бұрын бірінші қалалық және облыстық ауруханаларға алып барушы едік. Біз жоғары техникалық мамандандырылған оталар жасаймыз, ал КТ аппаратының бұл кезде көмегі өте зор.

Бақытгүл Даниярова, СФД бөлімінің меңгерушісі:

Біздің облыстың әкімшілігіне, денсаулық басқармасына және біздің орталықтың директорына осы аппаратты ұзақ жыл күтіп жүрген барлық науқастардың, клиникалық дәрігерлердің атынан алғыс айтқым келеді. Бізге ол өте қажет болатын.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары