Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменге Голливуд актерлері келді

Шығыс Қазақстан

Өскеменге Голливуд актерлері келді

Мұхиттың арғы жағалауынан ұшып келген қонақтарымызды әуежайда жастар мен облыс әкімдігінің өкілдері қарсы алды. Бұл делегацияның құрамында Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс сынды әлемге танымал актерлер мен біздің отандық кино өнеріміздің майталмандары- актер, режиссер-сценарист Еркен Елгашев және актер-продюсер Арман Асенов бар.

Голливуд жұлдыздары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан туралы түсірілетін фильмге қатысу мақсатында келген екен. Әлемдік және отандық кинематография майталмандары облыстың бірқатар аудандарын аралап, деректі фильм түсірмекші екен.

Бағдарлама барысында Америкадан келген қонақтарымызды облыстағы киелі орындармен қатар төрт ауданды аралатып көрсету, сондай-ақ, халықтың салт-дәстүрімен және мәдениетімен таныстыру жоспарланып отыр.

-Сіздер жылы кезде келдіңіздер, бір апта бұрын қаламызда минус 40, Зырян ауданында да одан да төмен болған еді, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Голливуд актерлері көтеріңкі көңіл-күйде жиналған жұртшылықпен сәлемдесті. Олармен кездесуге облыстық және республикалық БАҚ өкілдері жиналып отыр.

-Қазір барша әлем Қазақстанға бет бұрды. Сондықта елдің имиджін қалыптастыру қажет. Ал адамдар танымал тұлғалардың пікірін тыңдайды. Сондықтан голливудтық Castle Films компаниясы мен қазақстандық кинокомпания бірлесе отырып, Қазақстан туралы фильм түсіруге бел буды – деп, бұл сапардың мақсатын продюсер Арман Асенов қысқаша түсіндіріп өтті.

-Сіздер біздің облыстың төрт ауданын аралап қайтасыздар. Бұл өте әдемі, тарихи жерлер. Біздің халқымыздың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныс боласыздар. Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымын. Жақсы әсер алып қайтасыздар деген үміттемін, — деді аймақ басшысы.

Жұлдыздар біздің облыста бір аптадай уақыт қонақ болмақшы. Бұдан кейін алған әсерлерімен көпшілікпен бөлісіп, келген мақсаттары туарлы толығырақ ақпарат беретін болады.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары