Біз әлеуметтік желілердеміз

Ертісті ластағандар табылған жоқ

Шығыс Қазақстан

Ертісті ластағандар табылған жоқ

Экологиялық қауіпсіздік орталығының экологтары ақпан айының басында Өскемендегі Ертіс өзенінің «Ғашықтар аллеясы» маңындағы тұсынан су бетінде қалқып жүрген  мұнай өнімдері дақтары табылғанын хабарлаған болатын. Оқиғаны  экологтарға қала тұрғындары хабарлаған.

Облыстық экология департаментінің мамандары су бетіндегі дақтардан сынама алып, онда мұнай өнімдері қалдықтарының рұқсат етілген  көрсеткіштен  60 есеге көп екендігін анықтады. Жедел іздестіру шараларын  жүргізу үшін Өскемен қалалық ІІБ басшысының атына хат жолданған. Бірақ, полицейлер Ертісті кім ластағанын, өзенге дақтардың қайдан төгілгенін әзірге  таба алмаған.

«Осы факті бойынша Өскемен ІІБ –да жедел шаралар жүргізілді. Өзеннің ластанған тұсына  жақын орналасқан мекемелердің қызметкерлерінен түсініктер алынды. Қоршаған ортаға зиян келмегендіктен және өзеннің майлы дақтармен ластануына қатысы бар тұлғаларды табу мүмкін болмағандықтан барлық материалдар экология департаментіне жолданды» дейді Өскемен қалалық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Ж. Ахметжанов» деп жазады ЭҚО маманы Елена Иванова.

Осылайша, өскемендіктердің зәресін алған дақтардың Ертісте қайдан пайда болғаны  белгісіз болып қалып отыр.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары