Біз әлеуметтік желілердеміз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мектептерді де қамтитын болды

фото автордыкі

Семей

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мектептерді де қамтитын болды

Семейдегі Абай атындағы музыкалық драма театр, Федор  Достоевский атындағы орыс драма театры мен «Дариға-ай» жастар театрының ұжымдары облыс әкімі Даниал Ахметовтың аппараттық кеңесіндегі ұсынысын басшылыққа алып, жастар мен мектеп оқушыларын театрға тарту жобасын бастап кетті.

-Облыстың мектеп, колледж оқушылары музейлер мен театрларға жиі барып тұрулары керек,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы өскелең ұрпақтың мәдени мұраларымызбен де танысуына мүмкіндік жасау керек. 

Семейде ақпанның 10-ынан бастап мектеп оқушылары ашық театр сабақтарына қатыса алады. Ең алғашқы болып Федор Достоевский атындағы театр қаладағы №35 мектеп ұжымымен кездесті. Мектепті орыс тілі мен әдебиетінің ұстазы Ирина Николаевна Ищенко бастап әкеліпті. Театрының бас директоры Яков Горельников жастарға өнер мен мәдениет жайлы ақпарат берді.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары