Біз әлеуметтік желілердеміз

Таза сумен қамтамасыз ету кезеңімен атқарылуда

Шартты сурет

Шығыс Қазақстан

Таза сумен қамтамасыз ету кезеңімен атқарылуда

Аягөз таулы, тастақты жерде орналасқандықтан, жерасты сулары тереңде. Аудан тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де ұзақ жылдардан бері бітпейтін кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Алайда, бұл күндері таза сумен қамтамасыз ету жолында қарқынды жұмыстар жасалуда. Жалпы, аудан тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету сонау 2005 жылдан басталып, қазір бұл шаруа  кезең-кезеңмен іске асып келе жатқаны жасырын емес.

Өткен жазда  Қарағаш, Тарлаулы, Мамырсу ауылдық округтерінің су құбырлары жүйелерін жаңғырту бойынша 1 296 791 мың. теңгенің жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 497 442,0 мың. теңгеге Аягөз қаласының су құбырларының жаңғырту жұмыстарының 4 кезеңі жүргізілуде және 674 555,0 мың. теңгеге Аягөз қаласының кәріз жүйесін жаңғыртудың 1 кезеңі жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан көлемінде тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз етудің көрсеткіші 88,8 % құрады. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда бұл іс 3,7 % өсті.

-Жалпы алғанда, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету көлемі 2016 жылы 34,4% құраса, өткен 2017 жылы бұл көрсеткіш 49 пайызға жетті. Мәселен, 2018 жылға Дөненбай ауылына «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында 294,6 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен Ескі Майлин, Кеңқолат елді мекендеріне су құбырларының ағымды жөндеу жұмыстарына 50,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар,  Өркен, Мыңбұлақ, Ақшәулі, Қопа ауылдарының су құбырларын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда және де  Байқошқар, Малкелді ауылдарына су тарту құбырларының ЖСҚ жасауға қаражат бөлінді, -дейді аудан әкімінің орынбасары Д. Жөргекбаев.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары