Біз әлеуметтік желілердеміз

Шығыста күнбағыстың жаңа тұқымын шығарды

Фотосурет ғаламтор желісінен алынды

Ауыл шаруашылығы

Шығыста күнбағыстың жаңа тұқымын шығарды

Шаруашылық ғалымдары жаңа гибридтер Қазақстан нарығының 20 пайызын, Қытай, Ресей нарығының бес пайызын жаба алады деген болжам жасап отыр.

Облыстағы майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы үш жыл көлемінде жүргізілген зерттеу, сынақтардың нәтижесінде  заманауи технологиялармен өңдей отырып, жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін бірнеше майлы дақыл тұқымын шығарып, пайдалануға ұсынды.

Биыл еліміздің, облысымыздың шаруашылықтары осы аталған тұқым шаруашылығының мамандары өсіріп, өндірген «Астана 109» және «Нарым» атты екі бірдей күнбағыс тұқымының жаңа сортын, гибридін егіп, өнімдерін  түрлендіре алады. Шаруашылық ғалымдары жаңа гибридтер Қазақстан нарығының 20 пайызын, Қытай, Ресей нарығының бес пайызын жаба алады деген болжам жасап отыр.

Майлы дақылдар тұқым шаруашылығы  2016 жылы  бұрыңғыдай тех механикалық жолмен емес , еуропалық  (Clearfield) және америкалық (Sunexpress) озық технологиялармен өңдеуге болатын күнбағыс тұқымының жаңа гибридтерін мемлекеттік сынақтан өткізуге берген. «Агробизнес 2020», «Экспо 2017», «Байтерек» деп аталатын күнбағыс тұқымының бұл жаңа сорттары да сынақтан сәтті өтсе егістікке пайдалануға жіберілмек. Өткен жылы майлы дақылдар  тәжірибелік шаруашылығы күнбағыстың «Авангард», «Ертіс»  атауы берілген жаңа гибридтерін де мемлекеттік сынақтан өткізуге тапсырған.

Шаруашылық қазір шетелдік серіктестерімен бірлесіп зығыр, соя, рапс және астық дақылдарының бағалы сорттарын шығару бағытында  тәжірибелер жүргізіп жатыр.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары