Біз әлеуметтік желілердеміз

Аймақ басшысы гимнастикалық залдардың қызметін ақысыз етуді тапсырды

Фотосурет ғаламтор желісінен алынды

Шығыс Қазақстан

Аймақ басшысы гимнастикалық залдардың қызметін ақысыз етуді тапсырды

Аймақ басшысы Даниал Ахметов аппараттық кеңесте жерлес спортшы қызымыз Юлия Галышеваның Корея еліндегі қысқы Олимпиадада қола жүлдеге қол жеткізгеніне байланысты жиналғандарды құттықтады. Дүбірлі додада ел қоржынына алғашқы болып шығысқазақстандық спортшының медаль салғаны ерекше қуантады.

– Спортшылармыз әлі де жүлде алады деп үміттенемін. Спортты дамытуға алдағы уақытта бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Барша спорт түрлерін жұртшылық үшін қолжетімді ету керек. Айталық, қазір Өскемендегі орталық бассейнде 1400 бала жүзумен айналысады. Бұрындары ол жерде тек ересектер ғана, оның өзінде ақылы негізде спортпен шұғылданатын. Енді көркем гимнастика бойынша да осындай қадамдар жасауымыз қажет. Ірі гимнастикалық залдар коммерциялық негізде жұмыс істеп жатыр. Осы саланы мұқият зерделеп, өскелең ұрпақ үшін аталмыш нысандардың қызметін ақысыз негізге көшірген жөн, сонда көп күттірмей нәтиже де болады, – деп тапсырма берді облыс басшысы.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары