Біз әлеуметтік желілердеміз

Облыстың 600 мұғалімі жаңа кабинеттерде сабақ беруге оқытылады

Шығыс Қазақстан

Облыстың 600 мұғалімі жаңа кабинеттерде сабақ беруге оқытылады

«Менің мектебім» бағдарламасы бойынша облыстың 277 жалпы білім беретін орта мектебіне 476 пәндік кабинет орнату көзделген. Осы жоспарды іске асыру үшін қазіргі кезде жергілікті кәсіпкерлерден «Парыз» қорына қаржы құйылып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, бүгінде 600 мектеп мұғалімін заманауи кабинеттердің құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуге үйрету жоспарлаунда. Оның ішінде роботты техника сыныптарында сабақ беретін 272 ұстаз республикалық бюджет есебінен оқытылатын болады. Бұл облыс бюджетіне біршама үнем болып отыр. Жалпы, оқытушыларды курстан өткізуге облыстық қазынадан 59 миллион теңге қажет және 77 мектептің Интернет жылдамдығын арттыруға да қаржы керек.

Қазіргі кезде облыс мектептерінде болашақ сыныптарды әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы оқу жылына дейін барлық кабинеттер сақадай-сай, мұғалімдері сабақ беруге дайын болуы тиіс.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары