Біз әлеуметтік желілердеміз

Онкологиялық дипансерде Ашық есік күні ай сайын өткізілмек

Денсаулық

Онкологиялық дипансерде Ашық есік күні ай сайын өткізілмек

Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерде ақпан айының бас кезінде Ашық есік күні өткізілген болатын.

Бұл іс-шара Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Облыс тұрғындары осы күні білікті мамандардан кеңес алып, дәрігер-онкологтардың медициналық тексеруінен өтуге мүмкіндік алды.

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» өткізілген Ашық есік күнінің қорытындыларын жариялап отыр. Бұл күні барлығы 200 адам тексеріліпті. Оның ішінде қатерлі ісік ауруына күдігі бар адамдардан – 19, бластоматозға дейінгі сырқаттармен – 99, диспансерлік есепте тұрғандар – 10 адам, ал дені сау болып табылғандар саны – 72.

-Онкологиялық диспансер Ашық есік күнін ай сайын өткізуді жоспарлап отыр, – дейді бас дәрігердің орынбасары Арман Мұқажанов. – Келесі тексеруден наурыз айында өтуге болады.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары