Біз әлеуметтік желілердеміз

Зыряндағы Достық үйінің бірлестіктері ұлттық мұраны сақтап отыр

Шығыс Қазақстан

Зыряндағы Достық үйінің бірлестіктері ұлттық мұраны сақтап отыр

Облыс басшысы Даниал Ахметов Зырян қаласындағы «Горняк» мәдени-бос уақыт орталығына ат басын тіреп, өңірдегі татулықтың ұйытқысы болып отырған Достық үйінің, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігіне назар аударды.

Аймақ басшысы Орталық директоры Елена Коробейниковамен, осындағы фольклорлық ансамбльдердің ұжымдарымен сөйлесті. «Зыряночка» би ансамблі мен «Узорье» фольклорлық ансамблі облыс басшысын әдемі концерттік киімдерімен қарсы алды. Даниал Ахметов қала жастарының мәдени мұраны сақтау ісіне белсенді қатысып жүргендерін жоғары бағалап, айырықша атап көрсетті.

– Хорда жас жігіттер мен қыздардың ән салғаны керемет. Өскелең ұрпақ өз ата-балбаларының салт-дәстүрін, тарихын жақсы білулері тиіс, – деп өз ойымен бөлісті облыс әкімі.

«Узорья» ансамблінің мүшелері олардың киіп тұрған костюмдері нақ осы Зырян ауданында мекен еткен алғашқы переселендер киімінің тура көшірмесі екенін мақтанышпен атап өтті. Облыс әкімімен кездесуге Первороссийское ауылынан «Веселые товарушки» халықтық ансамблі арнайы келген екен. Олар өңір халқының дәстүрлерін ерекше сақтап, асыл мұра ретінде келер ұрпаққа үйретіп жатқандарын айтты.

– Қазір біз орыс, беларус, қазақ, украин, әзірбайжан және тағы басқа облысты мекендейтін ұлттар мен ұлыстарға тиесілі ескі әндерді жазып алуға қаражат қарастырып отырмыз. Егер байырғы заманнан келе жатқан би үлгілері болса көрсетіңіздер. Біреулердің үйінде көне кітаптар болса, көшірмесін жасап алыңыздар. Бұл біздің ортақ тарих қой, біз аспаннын түскен жоқпыз, осы қасиетті өлкені ғасырлар бойы мекен етіп келеміз. Сондықтан қазіргідей жаһандану дәуірінде өз тарихымызда сақтау – аса маңызды іс. Егер сіздер осы жұмысқа кірісіп кетсеңіздер, құба құп. Ал әлі қолға алмасаңыздар, дереу осымен шұғылдана бастаңыздар, – деді риясыз әңгіме барысында аймақ басшысы.

Атап өтерлігі, «Ата дәстүр» қазақ мәдени бірлестігі бұл іспен біраздан бері айналысып келеді. Олар өз қызметтері туралы альмбом шығарғалы жатыр, сонымен қатар халқымыздың әдет-ғұрыптарына арналған брошюралар топтамасын әзірлеуге кәріскен. Ал, «Квелле» неміс орталығы жәдігерлерін Қазақстан немістерінің виртуалды мұражайына енгізіп келеді.

«Узорье» ансамблінің қатысушылары Ресейдің Алтай өлкесінде өтетін фестивальға шақырту алып отырғандарын жеткізді. Даниал Ахметов аудан басшысына әртістерді жаңа концерттік костюмдермен қамтуды жүктеді.

Облыс басшысы осы күні орталықтың үлкен залында өткен жергілікті «Жас ұлан» жастар қозғалысының жиынына қатысып, жеткіншкетерге шынайы тілегін білдірді.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары