Біз әлеуметтік желілердеміз

«Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурсқа қатысуға шақырамыз

Білім

«Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурсқа қатысуға шақырамыз

«Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурс туралы

ЕРЕЖЕ

Бұл Ереже 2018 жылы «Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурсқа даярлық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурс гуманитарлық-педагогикалық колледждер және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, педагогика және журналистика мамандықтары бойынша білім алушы магистранттар мен докторанттардың, жалпы білім беретін мектеп педагогтары, гуманитарлық-педагогикалық колледждер және педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында өткізіледі.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық қоғамда қоғамдық сананы жаңғыртуға қабілетті негізгі құндылықтарды дарыту, тарату. Конкурс тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға, алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларды қолдап, алға бастыруға, қоғамдағы отбасы институты және мұғалімнің мәртебесін нығайтуға, бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы тәрбиесі мен кәсіби-педагогикалық әрекеттің позитивті тәжірибесін кеңінен таратуға көмектесуді көздейді.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Конкурстың ықтимал қатысушылары материалдарын қазақ немесе орыс тілдерінде журнал мақаласының форматында (мәтіннің көлемі машинкаға басылған 5 беттен аспауы тиіс, кегль 14, бір интервал, JPG (JPEG) форматындағы суреттер өлшемі 1024×768 пиксельден кем емес) төменде берілген тақырыптық бағыттардың бірі бойынша әзірлейді:

  • Заманауи білім берудің құндылықтары және мәні (жаңа социомәдени үрдістер контексінде білім берудің құндылықтық әлеуетінің көрінісі)
  • Тәрбиенің қайнар көзі (ұрпақтар сабақтастығы, ата-аналардың өмір салтының бала тәрбиесіндегі маңызы туралы)
  • Мәдениет әлемі – адам әлемі (мәдениеттің әртүрлі аспектілері және олардың адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы)
  • Көшбасшылық формуласы (қызмет стилі оқушылар мен мұғалімдерді тұлғалық және кәсіби өсуге шабыттандыратын білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшылары туралы)
  • Педагогтің шығармашылық тынысы (білім беру үдерісіндегі инновациялық идеялар мен тәсілдер туралы, жемісті педагогикалық тәжірибенің мекенжайы мен мысалдары)
  • Ата-аналар жиналысы (отбасы тәрбиесінің жемісті, ойдағыдай болуының құпиялары туралы, ата-аналардың өмірлік қиын жағдайлардан шығу жолын тапқаны туралы жағымды мысалдар)
  • Біздің балаларымыздың әлемі (ата-аналар мен педагогтар қолдаған жағдайда балалардың өзін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуінің үлкен мүмкіндіктерін дәлелдейтін очерктер мен фотолар)

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ

Конкурс комиссиясына белгілі ғалымдар, педагогтар мен қоғам қайраткерлерінің арасынан тәуелсіз сарапшылар кіреді. Олар қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын нақты критерийлер бойынша бағалайды.

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

  1. ұсынылған материалдың конкурстың тақырыптық бағыттарына сәйкестігі;
  2. материалдың мазмұндық тереңдігі және өзіндігі (оригиналдығы);
  3. тілдік құралдардың стилистикалық сәйкестігі және айқын, мәнерлі болуы;
  4. конкурстық жұмыс жанрының тақырыптық бағытқа және мақсатты аудиторияға сәйкестігі;
  5. конкурстық тапсырманы орындауда қатысушының жеке дара авторлығы.

Конкурс қорытындылары қатысушылардың 3 санаты бойынша шығарылады:

  • – гуманитарлық-педагогикалық колледждер және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері;
  • – педагогика және журналистика мамандықтары бойынша білім алушы магистранттар және докторанттар;
  • – жалпы білім беретін мектеп педагогтары, гуманитарлық-педагогикалық колледждер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары.

Ең үздік конкурстық жұмыстар «Жасампаз педагогика. Творческая педагогика» ғылыми-әдістемелік журналында тоқсан сайын шығатын нөмірлерінде жарияланып, 2018 жылғы желтоқсан айының бірінші жартысында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында атаулы сертификаттармен, естелік сыйлықтар және ақшалай жүлделермен атап өтіледі.

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

Конкурстық жұмыстарды қабылдау кезең-кезеңмен, 2018 жылдың 15 қаңтарынан 1 қарашасына дейін мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 050046, Алматы қаласы, «Қазақстанның адам ресурстарын дамыту институты» Қоғамдық қоры, а/ж №6, 8(727)9739417, 87009739417, 87051905550, E-mail: erkebobek@gmail.com. Жұмыстың қабылданғаны жөнінде хабарландыру қатысушының электрондық мекенжайына жұмыс конкурсқа келіп түскеннен кейін бірден жіберіледі.

«Жасампаз педагогика. Творческая педагогика» ғылыми-әдістемелік журналында жариялануға үміткер жұмыстар конкурстың ұйымдастыру комитетіне келесі мерзімдерден кешіктірілмей ұсынылуы тиіс:

  • I нөмірге – 1 ақпанға дейін;
  • IІ нөмірге – 1 мамырға дейін;
  • III нөмірге – 1 тамызға дейін;
  • IV нөмірге – 1 қарашаға дейін.

Конкурстың жалпы нәтижелерін шығару –1 желтоқсанға дейін, конкурс нәтижелерін БАҚ-та жариялау – 15 желтоқсанға дейін.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қатысушылардың шығармашылық жұмыстарымен бірге қабылданады. Олар сканерленген түрде erkebobek@gmail.com электронды поштасына жіберілуі керек.

Конкурстың ұйымдастыру комитеті

Өтінім үлгісі

«Рухани жаңғыру» атты педагогикалық журналистиканы дамыту бойынша Республикалық конкурсқа қатысуға

ӨТІНІМ
  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты________________________________
  2. Конкурсқа қатысушының жасы ____________________________________
  3. Білім беру ұйымы, қатысушының санаты________________________
  4. Таңдалған тақырыптық бағыты_______________________________
  5. Авторлық материалдың аты__________________________________
  6. Мекенжайы ______________________________________________
  7. Телефон __________________________E-mail _________________________

Білім беру ұйымы басшысының қолы________________________

Жіберілген күні_______________________________________________

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары