Біз әлеуметтік желілердеміз

Есенберлин көшесіндегі үйлердің ауласы қоқысқа толып барады

куәгерлер түсірген фотосурет

Шаһар шаруашылығы

Есенберлин көшесіндегі үйлердің ауласы қоқысқа толып барады

Жаңадан бой көтеріп жатқан ықшам аудандағы Есенберлин көшесінің тұрғындары аула тазалығына алаңдаулы. Сондықтан болар, редакциямызға хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, олар тазалықты қадағалайтын мекемеге тиісті төлемақыларын төлеп отыр, алайда ауладағы қоқыс азайар емес.  Үй тұрғындары бұл келеңсіздіктің себебін түсіне алмай әлек.

Сөздерін растау үшін №23-ші үй тұрғындары арнайы фотосуреттерді де жіберді.  Ол  деректен шынымен де  арнайы контейнерге талайдан бері қоқыс жинайтын көліктің жақындамағаны байқалады.

–  Мысал ретінде біз тұратын №23-ші үйді алып қараңыздаршы. Біздің пәтерде 3 адам тұрамыз, әрқайсымыз үшін тиісті төлемақыны төлеп келеміз. Ендеше біз неліктен күн сайын күл-қоқыс шашылып жатқан ауланы көру керекпіз. Тіпті қоқыс контейнеріне жақындап  бара алмайсың, өйткені аяқ алып жүру қиын,-деді хабарласқан тұрғындардың бірі.

Жұрттың айтуынша, №23-ші үй ғана емес, осы жердегі бірнеше үй тұрғындары жиылып, жағдайдың мән-жайын білмекші болған екен. Тиісті жерлерге хат жазып, қоңырау  шалып,тілдесіп те көріпті. Алайда естігендері бір ғана уәж. «Өскемен-Тазалық» ЖШС-мен жасалған келісім бойынша бұл үйлерге 3 контейнер ғана қойылған. Бірақ шығарылған қоқыс мөлшері тым көп болғандықтан бөлінген контейнерлер аздық етуде.

«Өскемен-Тазалық» ЖШС мекемесінің өкілдері де аталған сұрақтың бүге-шігесін түсіндірді. Өйткені Есенберлин көшесіндегі  тазалық  мәселесімен олар жақсы таныс екен.

– Шын мәнінде бұл үйлердегі пәтерлерде тұратын адамдар саны өте көп. Осыған сәйкес шығатын  тұрмыстық қалдықтар  мөлшері де ауқымды.    Біз келісімге сай жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күні  аталған үйлер бойынша 600-ге тарта адамға қызмет көрсетеміз. Бірақ бұл көрсеткіш шындыққа сәйкес келмейтініне мен кәміл сенімдімін,-дейді аталған мекеме  директоры Айдос Байғосынов.

Айтқандай тағы да бір белгілі болған мәліметке сүйенсек, сөз басында айтылған №23-ші 9 қабатты үйден бар болғаны 51 пәтер ғана  тазалық мекемесімен келісімге отырған. Құжат бойынша ол пәтерлерде  жалпы  83 адам ғана тіркелген.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары