Біз әлеуметтік желілердеміз

Риддерде автокөлік аударылды

ОСА бірлестігі ұсынған бейнежазба

Оқиғалар

Риддерде автокөлік аударылды

11-қаңтар күні Риддер қаласында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол апаты болды. Свердлов көшесінің бойында келе жатқан  Mitsubishi Delica  маркалы  автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде рульге ие бола алмай,салдарынан көлік аударылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, бұл күні қалың жауған қар  қала жолдарындағы қозғалысты қиындатып жіберген. Абырой болғанда, көлік ішіндегі адамдардың барлығы дін аман.

-Аталған жол апаты туралы  Риддер қаласындағы ішкі істер органдарына ешқандай мәлімет түспеген. Дегенмен  көлік жүргізушілері күн райын ескере отыра, жолда жүру жылдамдығын да мұқият сақтау керек,-деді  ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары