Біз әлеуметтік желілердеміз

Мал бордақылауға ден қойылды

Ауыл шаруашылығы

Мал бордақылауға ден қойылды

Абай ауданының  «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында несие алып, кәсіпкерлікке бет бұрған  азаматтар аз емес. Мәселен, осындай несиеге қол жеткізіп, өңірде мал бордақылау алаңдарын ашқандар жетерлік. Нәтижесінде  мал бордақылау алаңдарының саны бес  есеге артқан. 

Көкбай ауылының тұрғыны Серік Айтанұлы осыдан бес  жыл бұрын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы екі миллион теңге несие алып, қой сатып алған. Мал басын көбейтіп, қарыздан құтылған соң шаруашылықты кеңейтуге кіріседі. Сөйтіп мал бордақылау алаңын ашуды жөн деп тапқан. Сондай-ақ аталмыш бағдарлама арқылы тағы  екі жарым миллион теңге несиеге қол жеткізген ол ірі қара мен жылқы сатып алған. Бүгінгі күні ауданда 33 бордақылау алаңы, онда 600-ден астам мал бордақылауда.  Ауыл тұрғындарының кәсіп ашсақ деген талпыныстары жаман емес. Өткен жылы ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 85 миллион теңге несие алынған.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары