Біз әлеуметтік желілердеміз

Қорыққа жарық тартылады

Шығыс Қазақстан

Қорыққа жарық тартылады

Бүгінде қорыққа дейін 42,89 шақырым қашықтықта электр энергиясы желісін тартатын мердігер компания анықталды.

Риддер туризмнің бірнеше турін дамытуға қолайлы өңір. Алайда сол маңайдағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы мен көптеген демалыс базалары  электр энергиясымен толық қамтамасыз етілмеген.

Табиғаты көркем бұл өңірде туристік қызмет нарығын дамыту мақсатында Риддер қаласынан Батыс Алтай табиғи қорығына дейін 6 кВ электр желісін тарту жобасы жасалды.

Инфрақұрылым жүргізу үшін  республикалық    бюджеттен  730  млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде қорыққа дейін 42,89 шақырым қашықтықта электр энергиясы желісін тартатын мердігер компания анықталды. Желіні тарту  кезінде 905 темір бетон бағаналар орнатылмақ. Желі іске қосылған соң бұл аймақтағы демалыс базалары толық электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады.

Алдағы уақытта бос жатқан үш жер учаскесінде туристік қызмет нысандарын салу көзделіп отыр. Олар: Өскемен – Риддер тасжолы бойындағы  кемпинг құрылысы, Жоғарғы Хайрузовка ауылында демалыс базасы мен Коноваловка ауылы маңында жол бойындағы кафе құрылысы жобалары.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары