Біз әлеуметтік желілердеміз

Халықаралық бағытта ұшады

Семей

Халықаралық бағытта ұшады

Жергілікті және халықаралық рейстерді жөнелту дербес атқарылатын болады.

Семейде 30 жылдан бері жөндеу көрмеген әуежайдың жөндеу жұмыстарына 10 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын. Жуықта күрделі жөндеу жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, нысанды қайта қалпына келтіруге баса назар аударылды. Жаңа жоба бойынша әуежайдың ұшып-қону алаңымен қоса жолаушыларға қызмет көрсету орындары да жаңартылмақ.

Алдағы уақытта  жүк қабылдау бөлімінің жұмысы жетілдірілмек. Сонымен қатар жергілікті және халықаралық рейстерді жөнелту дербес атқарылатын болады. Бұл әуе тасымалының сапасын едәуір көтеріп, жолаушылар санын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Қала әкімі Ермак Сәлімовтың айтуынша, бүгінгі күні әуе рейстерін кеңейту үшін  әр түрлі әуе компанияларынан бірнеше нақты ұсыныс түскен. Халықаралық бағытта Семей-Санкт-Петербург, Семей-Новосібір, Семей-Омбы рейстерін қосуға қызығушылық бар. Сол сияқты Семей-Петропавл бағытын іске қосу да талқыланып жатыр.

Жөндеу жұмыстарынан кейін халықаралық талаптарға сай болатын әуежайдың мұндай бағыттарды атқаруға әлеуеті жетеді.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары