Біз әлеуметтік желілердеміз

Чемпиондарға құрмет көрсетті

Спорт

Чемпиондарға құрмет көрсетті

Абай ауданында қазақ күресінен байрақты бәсекелерде дес бермей жүрген бір топ балуанды ұлықтау рәсімі өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында Айбек Нұғымаров, Қуаныш Ысқақов, Қуан Барысұлы мен Зере Бектасқызы аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, естелік және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бұдан кейін чемпиондар құрметіне «Қаламқас» халық ән-би ансамблі концерт қойып, жиналған көрермен қауымның көңілін бір серпілтіп тастады.

Салтанатты шараға аталған балуандардан бөлек, соңғы жылдары түрлі деңгейдегі жарыстарда аудан мен облыс абыройын асқақтатып жүрген бір топ спортшы қатысқанын айта кеткен орынды. Олардың арасында Ерлан Конкеев, Мұхит Тұрсынов, Мереке Тұрашев пен Айдос Сейпілұлы сияқты балуандар болды.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары