Біз әлеуметтік желілердеміз

«Торпедо» алтыншы орынға көтерілді

Спорт

«Торпедо» алтыншы орынға көтерілді

Осы жеңісінен кейін қоржынында 71 ұпайы бар «Торпедо» турнир кестесінің алтыншы сатысына көтерілді.

«Торпедо» 2018 жылдағы алғашқы жеңісін Перьм қаласында тойлады. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 40-шы турында қонақта «Молот-Прикамье» командасымен кездескен жерлестеріміз қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Дегенмен бұл ойындағы алғашқы шайбаны айдын иелері соқты. Кездесудің бесінші минутында «Торпедо» қорғаушылары пермьдік команданың шабуылшысы Данила Епимахиннен көз жазып қалды. 1:0. Арада бір минут өткенде өскемендік команда қақпасының торында тағы бір шайба тулады. Бұл жолы қорғаушы Валерий Жуковтың қанжығасы майланды.

Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері тек осыдан кейін ғана шындап іске кірісті деуге болады. Алдымен бірінші кезеңнің соңында есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартқан торпедолықтар екінші жиырмаминуттықта қарсылас қақпасынан тағы екі мәрте саңылау тауып, соңғы үзіліске бір шайба басымдығымен кетті. «Торпедо» сапында Александр Шин, Михаил Милехин мен Евгений Рымарев көзге түсті.

Соңғы кезеңде қорғанысқа көбірек көңіл бөлген өскемендік хоккейшілер қарсыласқа таразы басын теңестіруге мүмкіндік бермей, жеңісті есепті ұстап қалды. 3:2.

Осы жеңісінен кейін қоржынында 71 ұпайы бар «Торпедо» турнир кестесінің алтыншы сатысына көтерілді. Кеше кешке жерлестеріміз Башқұртстанның Нефтекамск қаласында жергілікті «Тороспен» күш сынасты. Ал жексенбі күні торпедолықтар альметьевскілік «Нефтяникке» қонаққа баратын болады. Бұл ойындар туралы газетіміздің келесі санында жазатын боламыз.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары