Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да алғашқы ана пилоттық жобадағы проактивті үлгіде қызының туу туралы куәлігін қолына алды

Шығыс Қазақстан

ШҚО-да алғашқы ана пилоттық жобадағы проактивті үлгіде қызының туу туралы куәлігін қолына алды

Шығыс Қазақстанда пилоттық жоба ары қарай қанат қағуда.

Өскемен қаласының тұрғыны Валентина Коноплева бүгін түнде қыз баланы дүниеге әкелген еді, енді күндіз қолына баласының туу туралы куәлігін салтанатты түрде тапсырды. Тек қана осылай – аналар үшін тез және ыңғайлы түрде — пилоттық жобадағы проактивті үлгідегі баланың тууын тіркеу бойынша қызмет идеясы жүзеге асырылуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы атынан нәрестенің бауы берік болсын деп тілеймін және де біз сізбен және сіздің қызыңызбен балабақшаға дейін бірге боламыз. Балаға тиесілі барлық жәрдемақылардың тағайындалуын, баланың балабақша кезегіне уақытында тұруына қамқор боламыз»- деді Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембулов өз құттықтауында.

Жас ана Валентинаның айтуынша нәрестесінің алғашқы құжатын қолына салтанатты түрде алуы жағымды болғанымен тосын сый болмаған. Себебі, жұбайы Максим «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп аталған пилоттық жобаным енгізіп отырған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істейді екен. Отбасы пайдалы да қолайлы жаңалық жайлы хабардар болған.
«Шынымды айтсам осы жобаға Максим де ат салысқан» деп ағынан жарылды Валентина, ал Максим болса «бұл проактивті қызмет – нағыз керемет дүние, бұрын аналар құжатын ресімдеу үшін қалай үлгергеніне таң қаламын. Ал енді бәрін біз үшін дайындап берді, тек қана смс-хабарламаға жауап жазып отырдық» дейді.

Шығыс Қазақстанда пилоттық жоба ары қарай қанат қағуда. Механизм мынадай:
Бала дүниеге келе салып ата-анасына баланың тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныспен смс-хабарлама келеді. Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады, ал жетпеген мәліметті қызмет алушыға смс-хабарлама жолдау арқылы толықтырады.

Баланың тууын тіркеу бойынша проактивті үлгідегі пилоттық жоба Қазақстанның барлық аймағында жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша 5 мыңға жуық смс-хабарлама жолданып, 900 жас ана аталған қызметті ресімдеп үлгірген.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары