Біз әлеуметтік желілердеміз

«Торпедоның» ойынын «Ладаға» теңеді

Спорт

«Торпедоның» ойынын «Ладаға» теңеді

Осы жеңілісінен кейін «Торпедо» екі саты төмен сырғыды.

«Бүгінгі «Торпедо» көз алдыма «Ладаны», ал «Ижсталь» «Мерседесті» елестетті». Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 39-шы туры аясында Ижевскіде жергілікті «Ижсталь» мен «Торпедо» арасындағы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өскемендік команданың бапкері Руслан Ревякин осылай деді.

Рас, бұл ойында торпедолықтар қарсыластарынан бір шайба айырмашылығымен жеңілсе де, матч барысында ижевскілік хоккейшілердің басымдығы айқын көрініп тұрды. Оған қоса, бұл кездесуде өскемендік команда ойыншылары тым көп ереже бұзып, айдыннан жиі қуылды. Мұны ұтымды пайдаланған айдын иелері матчтың алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алып, «Торпедо» қақпасына оқтын-оқтын қауіп төндіре бастады. Роман Смирягин қорғаған қақпаға жалпы саны 62 соққы бағыттап, нәтижесінде оның бесеуі нысанаға дөп тиді.

Торпедолықтар болса, бұған Тэннер Соренсонның дублімен, сондай-ақ Александр Шин және Денис Игнашиннің нәтижелі соққыларымен жауап берді. Қорытынды есеп 5:4, «Ижсталь» пайдасына.

Осы жеңілісінен кейін «Торпедо» екі саты төмен сырғыды. Қазір қоржынында 68 ұпайы бар өскемендік команда турнир кестесінде сегізінші орында орналасуда. Кеше кешке жерлестеріміз кезекті кездесуін қонақта пермьдік «Молот-Прикамьеге» қарсы өткізді.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары