Біз әлеуметтік желілердеміз

«Қазпошта» жаңа форматта қызмет көрсетеді

Шығыс Қазақстан

«Қазпошта» жаңа форматта қызмет көрсетеді

Біздің облыста жаңаша форматта жұмыс істей бастаған 15 бөлімше бар.

«Қазпошта» АҚ-ның облысымыздағы бірнеше бөлімшесі күрделі жөндеуден өткізілді. Бұдан былай Бесқарағай мен Бородулиха аудандарындағы пошта бөлімшелері клиенттеріне жаңаша форматта қызмет көрсетеді.

Атап айтқанда, жаңарған бөлімшелер сәлемдемелер супермаркеті, жеке тұлғаларға пошта мен қаржылық мәселелер жөнінде қызмет көрсететін, сондай-ақ, корпоративтік клиенттерге арналған бірнеше бөлімнен тұрады. Бұған қоса жаңа мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары да бар.
Бөлімшелердің әрқайсысы үш операциялық тереземен жабдықталған. Онда коммуналдық және салық төлемдерін төлеп, ақша аударуға, сонымен қатар, теміржол мен ұшақ билеттерін сатып алуға болады.

Мұның бәрі пошта арқылы хат жолдау үдерісін жеңілдетіп, клиенттердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Мырзабаеваның айтуынша, бүгінде мұндай жұмыс жалғыз Шығыс Қазақстанда ғана емес, бүкіл республика аумағында қарқын алып келеді. Ал біздің облыста жаңаша форматта жұмыс істей бастаған 15 бөлімше бар. Оның үшеуі қалаларда, қалғаны аудандарда орналасқан.

Оқу жалғастыру
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары