Біз әлеуметтік желілердеміз

Қолдан жасалған ішімдіктен уланғандар қатары көп

Қоғам

Қолдан жасалған ішімдіктен уланғандар қатары көп

Жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында облыста  ішімдік өнімдерін қолдан жасап астыртын сатып пайда көрушілер қатары артып кетті.  Қазан айында Семейде полиция қызметкерлері  жасанды марка жапсырылған түрлі аталымдағы 1836 шөлмек  ішімдік тәркіледі. Ал қойманы тексерген кезде  жалпы сомасы 336 мың теңгені құрайтын 350 –ден астам шөлмектегі өнім табылған. Тура осындай жағдай Бородулиха ауданында да ашылып отыр.  Тексеріс кезінде 8,5 мың шөлмек табылды. Олардың барлығында да жасанды есептік бақылау маркалары жапсырылған. Тәркіленген ішімдік өнімнің нарықтағы жалпы сомасы 3,3 миллион теңгені құрайды.  Кәсіпкерге  500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Шемонайха ауданында  «Уба» шекаралық автокөлік өткелінде алкоголь өнімдерін толтыра тиеген тіркемесі бар екі автокөлік ұсталды. Тауар құны 10 миллион теңгеден асып жығылды.  Заңсыз өнімді жалған құжаттар арқылы Ресей Федерациясына өткізбек болған.  Осылайша 29 551 литр сыра тәркіленді.

–  Қолдан жасалған ішімдік өнімдері тұрғындардың өміріне ерекше қауіп төндіріп тұр. Сәуір айында Өскеменде  Jack Daniels  маркасында қолдан жасалған  ішімдіктер өндірісі анықталды.  Жедел-іздестіру шараларсы барысында жалпы сомасы 2,3 миллион теңге болатын  660 шөлмек ішімдікті сату барысында кәсіпкер қолға түсті,-деді  облыстық экономикалық тергеу қызметінің баспасөз хатшысы Ләйлә Ысқақова.

Мамандар қолдан жасалған ішімдіктен уланып жатқандар қатары артып жатқандығын ескертеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  соңғы 3 жылда 5 мыңнан астам адам осындай спиртті ішімдіктерден уланған. 239 адам соның салдарынан жан тәсілім еткен.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары