Біз әлеуметтік желілердеміз

«Болашақ бизнес»тің жүлдесін жеңіп алды

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Қазақстан

«Болашақ бизнес»тің жүлдесін жеңіп алды

ШҚМТУдың «Стартап академиясы» түзету мекемелерінен шыққандарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды да кәсіпке баулып, өз ісін ашуға көмектесіп жатыр.

Павлодар қаласында өткен республикалық «Болашақ бизнес» стартап бастамалар конкурсына қатысқан ШҚМТУ дың «Стартап академиясы» ұжымының жобасы ең үздік жоба деп танылып, бірінші орын алды.

Әлеуметтік маңызы жағынан ғана емес, іске асыру мүмкіндігі жағынан да конкурсқа қатысқан 30 жобаның арасындағы ең үздік бизнес жоба деп танылған «Стартап академиясының» «Электронды еңбек биржасы» жобасын дамытуға енді мемлекеттен 800 мың теңге гранттық қаржы бөлініп отыр. Алдағы жылдың ақпан айынан бастап қолданысқа енгізілгелі отырған «Электронды еңбек биржасы» мобильді сайты облыс орталығымен бірге жақын маңдағы аудандар тұрғындарын да қамтымақ.

-ШҚМТУ ішінде өздерінің бизнес жобаларымен жұмыс істеп жатқан 30 оқытушы, студент бар. Біз бизнес бастамасын, жобасын іске асыруды көздеген жерлестеріміздің өңірдегі өндіріс орындарымен, «Даму» сияқты қаржыландыру институттарымен ғана емес, Мұхтар Тойбазаров, Константин Липперт сияқты белгілі бизнесмендермен байланыса жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп, екі ортадағы дәнекер көпір іспетті болып келеміз,- дейді «Стартап академиясының» жетекшісі Айбек Баукенов.

ШҚМТУдың «Стартап академиясы» түзету мекемелерінен шыққандарды, жүріп, тұруға жағдайы жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдарды да кәсіпке баулып, өз ісін ашуға көмектесіп жатыр. Мұнда өз бастамаларымен, жобаларымен келгендерге «Стартап академиясының» ішінде жұмыс істеп жатқан «Бизнес инкубаторда» қолға алсам деген кәсіптерін бастап, тәжірибе жүзінде дәйектеп, көрсетуге мүмкіндік жасалған.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары