Біз әлеуметтік желілердеміз

Балалар үйіндегі бөбектерге базарлық жасауға асығыңыз

Қоғам

Балалар үйіндегі бөбектерге базарлық жасауға асығыңыз

Кез-келген Өскемендік тұрғын жаңа жылда балалар үйіндегі кішкене бүлдіршіндерге базарлық жасап, көңілдерін көтере алады. Әуезов көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде  «Тілек шыршасы» атты акция басталды. Акцияға қатысу шарты да қарапайым.  Шыршада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың Аяз атаға өз қолдарымен  жазған тілек хаттары ілініп тұр. Мейірімді жомарт жандар сол хаттарды оқып,  ішінде жазылған сыйлықтарды сатып  алып,  ұйымдастырушыларға табыстауы керек.

— Біз ең алдымен шыршаға балалардың тілектері жазылған 10 хат іліп, байқап көрдік. Шыны керек хаттар лезде оқылып, тұрғындар онда жазылған заттарды  әкеліп табыстап  жатыр,-деді акция ұйымдастуршысы Ануар Мұхамадиев.

Балалардың қалауы әр түрлі. Бүлдіршін қыздар әдемі қуыршақтар мен түрлі  әсемдік бұйымдарын сұраса, ұлдар жағы  құрастырмалар мен  басқарылатын ойыншықтар тілепті. Аталған шара 25-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Акция соңында жиналған сыйлықтар өз иелеріне салтанатты түрде табысталады.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары