Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде келесі жылы аулалар абаттандырылады

Семей

Семейде келесі жылы аулалар абаттандырылады

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша  Семейде алдағы жылы  «Менің аулам» атты ауқымды бағдарлама іске асырылады.  Бұл туралы  баспасөз маслихатында айтқан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов  аталған бағдарламаға нақты қандай аулалардың  енетіндігіне тоқталды.

Ермак Сәлімовтың айтуынша, 2018-ші жылы аула аумақтарын жөндеу үшін  қалалық  бюджеттен 61 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаражат   50-ге тарта ауланы толық  абаттандыруға жетеді. Шаһарда жалпы 600-ге  жуық аула бар.  Қала басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі ендігі 120 ауланы көріктендіріп, жөндеуге байланысты сметалық  құжаттарды әзірлеп қойды.

–  Біз жоба шеңберінде  аула ішімен өтетін жолдардың сапасына да назар аударамыз. Сонымен қатар балалар алаңқайлары мен жарықтандыру мәселесіне де де көңіл бөлінеді.  Аула ішін көгалдандыру да қарастырылады, -деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Әзірге нақты абаттандырылатын аулалар тізімі жасалған жоқ.  Дегенмен ол тізімге ең алдымен жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге  таяу орналасқан аулалар енеді.  Сонымен қатар аулаларға қарасты тұрғын үйлердің коммуналдық қарыздарының болмауы да ескеріледі. Абаттандырылған аулаларды ары қарай сол қалпында ұстап тұруға байланысты іс-әрекеттері де есепке алынады.

 

 

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары