Біз әлеуметтік желілердеміз

Көңіл көтеру орындары бақылауға алынады

Шығыс Қазақстан

Көңіл көтеру орындары бақылауға алынады

Қазіргі уақытта инспекторлар жаңа жылдық кештерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар жазылған ақпараттық хаттарды таратуда.

   Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстағы көңіл көтеретін орындар да өртке қарсы қызмет инспекторларының назарына ілікті. Өңірде тәуекелдігі орташа саналатын 860 қоғамдық тамақтану орны тіркелген.

Ал аумағы 1500 шаршы метрден асатын нысандар тәуекелдік дәрежесі жоғары  деп есептеледі де, бұл орындардағы өрт қауіпсіздігін инспекторлар жартыжылдық кестеге сәйкес, ерекше тәртіппен тексеруге құқылы. Ондай нысандардың  саны 19. Бірақ бұл жерде де өзінің қиыншылықтары бар екен.

-Егер нысан шағын бизнеске жататын болса, онда ҚР-ның  Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес,  мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жыл ішінде нысанның тәуекелдік деңгейін бағалауға ерекше тәртіп бойынша тыйым салынады, — деп түсіндірді ШҚО бойынша ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Шегетаев. – Дегенмен көңіл көтеру орындарының басшылары келушілерінің қауіпсіздігі үшін толықтай жауап беретіндерін естерінен шығармағандары жөн. Сол себепті Жаңа жылдық мерекелер кезінде фейерверктер мен петардаларды, тез тұтанатын сұйықтықтарды  қолдану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.

Қазіргі уақытта инспекторлар жаңа жылдық кештерде өрт қауіпсіздігі ережелерін  сақтау  туралы нұсқаулықтар жазылған ақпараттық хаттарды таратуда.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері облыстағы қоғамдық тамақтану  нысандарында өрттің 10 жағдайы тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Айна Ескенқызы

«Omnia, quae volo, adipiscar.»

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары